Ссылки доступа

Тәжікстан қар барысын қорғауды көздейтін жаңа бағдарлама қабылдады


Тәжікстан үкіметі қабылдаған жаңа бағдарлама Памир тауларын мекендейтін қар барысын қорғауды көздейді.

Таулы өңірлерде қар барыстары кейде жергілікті тұрғындардың аулаларына түседі. Таулы Бадахшанда барыс бір тұрғынның қорасындағы 18 ұсақ малды қырып кеткен. Тәжікстан төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің хабарлауынша, бұл оқиға 22 ақпанда таңертең Бадахшанның Роштқала ауданына қарасты Табарсем ауылында болған.

Тәжікстанда қар жарысы Қызыл кітапқа енгізілген. Оны өлтіруге тыйым салынған.

Комитет таулы аймақтарда тұратын тұрғындарға аулаға кем дегенде 2,5 метрлік қоршау орнатуға кеңес берген.

«Ховар» агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстанда қар барысын қорғау жөнінде жаңа бағдарлама қабылданды. Тәжікстан ғылым академиясының вице-президенті Әбдусаттор Саидовтың айтуынша, Қызыл кітаптағы 2017 жылғы мәлімет бойынша Тәжікстанда 250-350-ге жуық қар барысы бар. Қазір оның саны 500-ге жуықтауы мүмкін.

Тәжікстандағы қар барысының шамамен 70 пайызы Таулы Бадахшанды мекендейді. Қар барысын Тәжікстандағы жиырма шақты тау шатқалынан кезіктіруге болады.

XS
SM
MD
LG