Ссылки доступа

Хорезмде мұғалім бірінші сынып оқушысын ұрған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Әлеуметтік желілерде хорезмдік бір мұғалім сабақ кезінде оқушылардың біріне қол жұмсап, сосын алғашқы сыныптарда оқитын бір оқушы қызға айқайлап, қайта-қайта ұрғаны туралы видео тарады.

Кішкентай қыз партаға отырып қалған, бірақ мұғалім оны ұруын тоқтатпаған.

Хорезм облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұл оқиға Хонқа ауданындағы №36 орта мектепте болған. Басқарма тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Газете.uz мәліметінше, бірінші сынып оқушысын ұру оқиғасы 23 ақпанда болған.

Өзбекстан бас прокуратураның хабарлауынша, ішкі істер органдары осы оқиға бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG