Естеріңізге сала кетейік, былтыр қарашада Тәжікстан билігі бір жарым жылдың ішінде 700 қоғамдық ұйымның қызметі тоқтатылғанын хабарлаған.
«Адам құқықтарын қорғаған қоғамдық ұйымдарды жою – Тәжікстанда адам құқықтарын қорғау мен азаматтық қоғам жағдайының нашарлағанын білдіреді» деп мәлімдеді Мэри Лолор.
Тәжікстан билігі әзірге БҰҰ өкілінің мәлімдемесіне жауап бермеді, бірақ бұның алдында билік қоғамдық ұйымдар заң ережелерін орындамағаны үшін жабылды деп хабарлаған.