Ссылки доступа

Тәжікстанға бұзылған өнімдерді импорттаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды


Былтыр тәжік билігі Ресейден ондаған тонна сапасыз өнімдерді алып келуге тыйым салған.

Тәжікстанның азық-түлік қауіпсіздігі комитетінің мәліметі бойынша, былтыр сапасыз өнімдер алып келген 100-ден астам кәсіпкер жауапкершілікке тартылған.

Тәжікстанға қажетті тауарлардың басым бөлігі шетелден әкелінеді. Комитет 2023 жылы мерзімі өтіп кеткен тауарлар көбінесе Ресейден тасылған дейді.

"2023 жылы жарамды мерзімі өтіп кеткен 52,3 тонна ет, 10 тонна сүт өнімдері, 2,1 тонна өсімдік майы, 31 мың дана жұмыртқа, 829 келі балық, 528 келі бал, 6590 келі құрғатылған жеміс-жидек, 163 мың келіден астам көкөніс анықталды. Оның бәрі жойылды", - деді аталған комитет басшысы Мухаммадсаид Файзуллозода.

Сонымен бірге былтыр Тәжікстан шекарасында Ресейден жөнелтілген 40 тонна бұзылған ірімшік, 60 тонна картоп, Ираннан тасылған 21 тонна мандарин табылған. Жалпы 128 кәсіпкерге айыппұл салынып, бірқатарына қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG