Ссылки доступа

Өзбекстан қорғаныс министрлігі шекарада ауған әскери тікұшағы атып түсірілді деген мәліметті жоққа шығарды


Өзбекстан мен Ауғанстан шекарасында ауған әскери тікұшағы атып түсірілді деген мәлімет жалған. 18 наурызда Өзбекстан қорғаныс министрлігінің лауазым иелері осындай мәлімет таратты.

Шекарада тәліптерге тиесілі тікұшақ атып түсірілді деген мәліметті алғаш рет ресейлік саясаттанушы Андрей Серенко өзінің Telegram-арнасында хабарлаған.

«Мәліметке қарағанда, тікұшақ Мазари-Шарифтен ауғанның Бадахшанына ұшып шыққан. Тікұшақтың Өзбекстан әуе кеңестігіне қалай тап болғаны әзірге белгісіз. Тікұшақ бортында 15-тен астам адам болған» деп жазды Серенко.

Кейін ресейлік саясаткер тәліптердің өкілі хабарласқанын, Өзбекстанмен шекарада әскери тікұшақ атып түсірілді деген мәлімет жалған екенін айтқанын жазды.

Өзбекстан қорғаныс министрлігі журналистер мен әлеуметтік желі қолданушыларға мұндай мәлімет тараған уақытта «ресми ақпаратқа ғана сүйенуге» кеңес берді.

XS
SM
MD
LG