Ссылки доступа

Қазақстан мұнай өнімдерін шығаруға тыйымды жарты жылға ұзартты


Қазақстан үкіметі бірқатар мұнай өнімдерін автотранспорт пен экспортттауға тыйым салуды қайтадан ұзартты. Тиісті бұйрық 29 наурыздан бастап күшіне енеді.

Бензин, дизел отыны және басқа мұнай өнімдерін тасуға тағы алты айға тыйым салынады. Бірақ майлаушы майларға, бензобакта мұнай өнімдерін тасуға, ғылыми зерттеу жұмыстары үшін авиациялық отын тасуға, гуманитарлық көмек аясында мұнай өнімдерін тасуға шектеу енгізілмейді.

Қазақстан 2019 жылдың қарашасында Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейге мұнай өнімдерін көлікпен тасуға шектеу енгізілген.

Кейін тыйым алынған, бірақ шектеу 2022 жылдың шілде айында қайта енгізілді. Содан бері ұзартылып келеді.

XS
SM
MD
LG