Үй қожайыны контрабанда ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚМК баспасөз орталығы хабарлады.
Арнайы қызмет өкілдері Созақ ауданы Бекабад ауылында тағы бір жерасты жолын әшкереледі. Ол да Өзбекстанға апарады. Бұл үй Өзбекстан мемлекеттік шекарасына жақын маңда орналасқан. 130 метрлік тоннель адам мен жүкті шекарадан заңсыз өткізуге пайдаланылған.
19 наурызда ҰҚМК қызметкерлері үй қожайынын ұстады.
Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, ел аумағында екі жерасты жолы табылған. Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары кіретін қылмыстық топ әшкереленген.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
2023 жылы Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында бірнеше тоннель табылған. Олар шекарадан контрабанда өткізу үшін пайдаланылған.