Ақпаратқа қарағанда, Душанбе тұрғыны Аслиддин Жалилов былтыр 10 қыркүйекте банкоматтан ақшасын алып беруге көмектесемін деген адамға алданып қалған. Ол картадағы 4 мың сомонидің (365 доллар) бір мыңын ғана беріп, қалған үш мыңын алып қашып кеткен.
Жалилов алданып қалғанын бірнеше минөттен кейін ғана түсінген. Ол ақшаны ауруханадағы ұлын емдету үшін туыстары жинап бергенін айтып, алты айдан бері банктке, милицияға да көмек сұрап қайрылғанын, бірақ еш нәтиже шықпағанын жеткізді. 2 наурызда Озоди радиосы бұл жөнінде материал дайындаған.
Жалиловтың айтуынша, жарияланған мақаладан кейін оны "Душанбе сити" банкіне шақырып, картасына 3 мың сомони салып қойғанын хабарлаған.
Жалилов банк шығынын өтеп бергеніне қарамстан, алдап кеткен адам жауапкершілікке тартылу керек деп есептейді.
Тәжікстанның ішкі істер министрлігі әзірге күдіктіні іздестіріп жатқанын мәлімдеді.
Аслиддин Жалилов әйелі және үш баласымен Душанбе шетінде тұрады. Оның әйелінің де бір көзі көрмейді. Олар базарда пластик пакет сатып, күніне 5-6 доллардан ғана пайда табады.