Ссылки доступа

Отыздан астам халықаралық ұйым Жапаровты "шетел өкілі" заңына қол қоймауға шақырды


20 наурызда халықаралық 30-дан астам азаматтық ұйым Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа "шетел өкілі" заң жобасына байланысты ашық хат жолдады. Онда бұл заңға қарсы шығып жатқан ұйымдарды қолдайтыны айтылған.

АҚШ, Армения, Беларусь, Бельгия, Венгрия, Грузия, Қазақстан, Молдова, Ресей, Польша, Украина, Швеция және басқа елдер бойынша істеген үкіметтік емес ұйымдар, "Адам құқықтары бойынша Хельсинки қоры", "Адам құқықтары бойынша халықаралық федерация", "Азаптауға қарсы дүниежүзілік ұйым", Amnesty International ұйымдары қол қойған хатта егер бұл заң қабылданса, Қырғызстандағы демократияға, азаматтық қоғамның дамуына зияны тиетінін білдірген.

Олар қырғыз президент аталған заңға қол қоймауға шақырды.

“Коммерциялық емес ұйымдар жөніндегі" заңда және Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасында "шетел өкілі" деген бап бар.

Оны Жогорку Кеңеш депутаты Надира Нарматова жазып шыққан. Құжатқа 32 депутат қол қойған. Кейін олардың көбі авторлықтан бас тартқан.

Заң жобасы Жогорку Кеңештен өтті. Ережеге сәйкес, заң жобасы парламенттен қолдау тапқаннан кейін, президент қарауына жөнелтіледі.

XS
SM
MD
LG