Ссылки доступа

БҰҰ Астанадан қарақалпақ белсенділеріне саяси баспана беруді сұрады


БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңсесі саяси баспана сұраған бес қарақалпақтың мәселесі бойынша Астанаға қайрылды.

Онда ұлттық және халықаралық ережелерге сәйкес белсенділердің арыздарын қарау жайы айтылған.

БҰҰ үндеуінде қарақалпақ белсенділері Жангелді Жақсымбетов, Раиса Худайбергенова, Зиуар Мирманбетова және Тілеубике Юлдашева 2022 жылы ұсталып, Өзбекстанның экстрадициялау өтінішіне байланысты Қазақстанның тергеу абақтыларында 12 айға қамалғаны атап өтілген. Төртеуі де Қазақстаннан саяси баспана сұраған.

Үндеуде ақпан айында ұсталған белсенді және құқық қорғаушы Ақылбек Мұратовтың да (Ақылбек Мұратбай) саяси баспана сұрағаны айтылған. Ол қазір тергеу абақтысында отыр.

БҰҰ өкілдігі "баспана беру – саяси емес гуманитарлық акт" деген.

XS
SM
MD
LG