Ссылки доступа

Қырғыз елшілігі Шереметьевте қамалып тұрған қырғыз азаматтары туралы мәлімет берді


Қырғызстанның Мәскеудегі елшілігі "Шереметьево" әуежайында қамалып тұрған қырғыз азаматтары туралы мәлімет таратты.

"Олардың бұған дейін Ресейдің миграция заңын бұзғаны үшін өлке аймағына кіруге тыйым салынғаны белгілі болды. Олар жақын рейспен Қырғызстанға қайтарылады", - деп жазылған мәліметте.

24 наурызда Ресейдің әуежайында Қырғызстаннан үшып барған мигранттар екі күннен бері ешқайда шыға алмай отырғанын хабарлаған. Ұсталғандар арасында Ресейге бірінші рет келіп тұрған қырғызстандықтар да бар.

XS
SM
MD
LG