Үндеуде ұйым өкілдері коммерциялық емес ұйымдар қоғамның маңызды мәселелерін шешуде үлкен жұмыс атқарады деп есептейді. Бұған қоса, үндеу авторлары даулы заң қабылданған жағдайда, шетелден қаржыландырылатын қоғамдық маңызы зор жобалар жабылып қалуы мүмкін екенін ескертті.
«Заң жобасының қабылдануы Қырғызстандағы коммерциялық емес ұйымдар қызметіне кері әсер етеді. Құжат ұйымдардың азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі мүмкіндіктерін шектейді» деп жазылған президентке жолданған үндеуде.
14 наурызда Жогорку Кеңеш «шетел өкілдері туралы» заңды үшінші оқылымда қабылдаған. Президент оған қол қоса, құжат күшіне енеді. Бұның алдында халықаралық құқық қорғау ұйымдары да Қырғызстан билігінен заңға вето қоюды сұраған.