Кеңестің 26 наурыздағы мәлімдемесінде Ресейде шетел азаматтарына бақылау күшейгенін, қандай ақпарат болмасын оны орыс және тәжіктің ресми органдарынан алуы керек екенін жеткізді.
Бұдан бөлек Telegram каналдарда және басқа да әлеуметтік желілерде радикалды және экстремистік әрекет жасауға шақыратын күдікті адамдардан барынша аулақ болуға шақырды.
Ресейдегі тәжік мигранттары Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған терактіден кейін өздеріне көзқарас мүлдем нашарлағанын жеткізіп жатыр.
22 наурызда болған терактіден кемінде 143 адам қайтыс болып, 190-ға жуық адам жарақат алды.