Тәжікстандықтардың бірқатары Ресейге бару үшін алдын ала сатып алған билеттерін өткізіп жатыр, тағы біреулері ұлтына қарай алалау күшейген жақта елге қайтып келді. Душанбедегі әуе кассаларында жұмыс істейтіндердің айтуынша, кейінші бір аптада Ресейге билет сатып алғысы келетіндер күрт азайған, ал Ресейден Тәжікстанға депортацияланып жатқандар көбейген. Билік болса Ресей аумағында шетел азаматтарының жағдайы өзгерген жоқ деп отыр.
Азаттықтың Тәжік қызметінің журналистері 27 наурызда Душанбе халықаралық әуежайына барып, онда жолаушылар шынымен азайып қалғанын көрді.
«Крокустағы» қайғылы оқиғадан кейін Ресейге автожолмен баратындар да азайған. Орзубек Раджабов Тәжікстан азаматтарын Ресейге жеткізумен айналысады. Оның айтуынша, қазір Ресейге барғысы келетін жолаушыларды саусақпен санауға болады.
«Шабуылдан кейін Ресейге барғысы келетіндер 30 пайызға азайған. Бұған дейін күніне жеті адам хабарласатын, қазір 2-3 адам ғана табылады. Адамдар Ресейде барудан қорқып қалды» дейді ол.
Журналистер астанадағы әуе кассаларының бірнешеуінде болды. Кассадағылар да Ресейге барғысы келетіндер азайғанын айтып отыр.
«Адамдардың көбі билеттерін кері өткізіп жатыр. Билетке сұраныс аз. Сол себепті Душанбе-Мәскеу бағытындағы билет құны 2 мың сомониге дейін төмендеді. Адамдарды түсінуге болады» дейді касса қызметкері.
Оның айтуынша, Ресейден, әсіресе Мәскеуден тәжік азаматтарын депортациялау көбейген. «Бір күнде Тәжікстанның шамамен қырық шақты азаматы депортаияланды. Мұндай жағдай ешқашан болмаған».