Ссылки доступа

Наурыздың аяғында Қырғызстанда алты мыңнан астам адамның қызылша жұқтырғаны анықталған


Қырғызстанда 25 наурызға қарай қызылша жұқтырған 6545 науқас тіркелген. Мұндай мәліметті денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

Мәліметке қарағанда, Бішкек қаласы (2074), Шу (1522) және Жалал-Абад (1109) облыстарында қызылша жұқтырғандар көп.

Ош облысында 1016, Ош қаласында 393, Баткен облысында 163, Ыстықкөл облысында 103, Талас облысында 93, ал Нарын облысында 72 адамның қызылша жұқтырғаны анықталған.

Министрлік қызылшаның елде көп таралуын адамдардың көбісінің жоспарлы иммунизациялаудан бас тартқанымен байланыстырып отыр.

Азаматтар қызылшаға қарсы вакцинаны Отбасылық медицина орталықтарында тегін салдыра алады.

Ақпанның аяғында Қырғызстанда 4078 адамның қызылша жұқтырғаны анықталған. Сол кезде де Бішкек қаласы, Шу және Жалал-Абад облыстарында науқас көп тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2018 жылы әлемде қызылшадан шамамен 140 000 адам өлген. 2023 жылы Қырғызстанда үш бала қызылшадан қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG