Мәліметтерге қарағанда, ер азамат сотта бір әйелмен некеге тұрғанын, одан төрт баласы барын айтқан. Ол басқа бір әйелмен шариғат бойынша неке қидырған. Екінші әйелі егіз қыздар туған.
Ақшаға тарыққан ерлі-зайыптылар егіздерді бір бөлмелі пәтерге алмастырғысы келген. Оларды алатын адам тауып, балаларды жылжымайтын мүлікке алмастыруға келіскен, бірақ пәтер құжатын алып жатқан уақытта ұсталған.
Екеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Олар кінәсін мойындаған. Ер азамат алты жылға бас бостандығынан айырылды, ал егіз қыздары бар әйел үш жылға сотталды.