Ссылки доступа

Ресейде "терактіні ақтау" айыбымен Өзбекстан азаматы қамауға алынды


Ресейдің Алтай аймағындағы Рубцовск қалалық соты "Терроршылықты ақтау" бабымен Өзбекстан азаматын екі айға қамауға алу шешімін шығарды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, 31 жастағы жігіт қаладағы дүкендердің бірінде "Крокус Сити Холлдағы" шабуылды ақтаған пікірін ашық айтқан. Оның нақты не деп айтқаны белгісіз.

Сот шешім шығарар кезде, оның шетел азаматы екені, тұрақты тіркелген жері жоқ екенін есепке алған.

Бұл Ресейде "Терроршылықты ақтау" бабымен қозғалған бірінші іс емес.

Өткен аптада Петербург өңірінде Тәжікстанның 26 жастағы азаматы Баходур Зухуров екі айға қамалды. Тергеу мәліметінше, телеграм-чаттардың бірінде Мәскеудегі шабуылды ақтаған.

22 наурызда "Крокус Сити Холлға" шабуылдан 143 адам қаза болды. "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы шабуылды мойнына алып, терактіні ауған қанаты ұйымдастырды деді.

Ресей президенті Владимир Путин бұл істе Украинаның ізі барын айтты. Киев бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоғын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG