Ақтілек Қапаровтың адвокаты Самат Матсаков журналистке бөгет шараның жаңа түрі - электрондық бақылауды қолданып, сот залынан босатуды сұрады. Ол мұны Капаровтың тұрақты тұратын жері және жұмысы барымен түсіндірді.
Бішкек қалалық соты 1 сәуірде журналист Жоодар Бузумовтың ісі бойынша Бірінші май аудандық сотының шешімін күшінде қалдырды.
Қалалық сот 27 наурызда Мақсат Тәжікбек ұлы, Тыныстан Асыпбеков және Азамат Ишенбековтің бөгет шарасын қарап, алдыңғы сот шешімін күшінде қалдырған. 29 наурызда Айке Бейшекееваны да қамауда қалдырған.
17 қаңтарда Бішкектің 1-май аудандық соты Temirov LIVE тобының бұрынғы және қазіргі 11 қызметкерін екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарған. БАҚ өкілдерін жаппай тәртіпсіздікке үндеді деп айыптап жатыр. Күдіктілер тағылған айыптармен келіспейді.
16 қаңтарда ІІМ Temirov LIVE кеңсесін тінтіп, қызметкерлердің бүкіл техникасын тәркілеген.