Ссылки доступа

Қазақстанда су тасыған аймақтарда барлығы 15,7 мыңнан астам адам көшірілді


Қазақстанның бірнеше аймағында су тасқынына байланысты жағдай «тұрақты күрделі» деп мәлімдеді төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Бауыржан Сыздықов.

Ол үкіметтің 2 сәуірдегі жиналысында есеп берді.

«Батыс өңірлерде су деңгейі аздап түскен, ал орталық, солтүстік және батыста, керісінше, өзен суы көтеріліп жатыр» деп хабарлады Сыздықов.

Оның айтуынша, құтқару жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жағдай күрделі. Осы өңірлерге төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құрал-жабдықтары жеткізілген.

Бес облысты су басу қаупі күшейген, әкімдіктер жергілікті деңгейдегі 20 төтенше жағдай жариялаған.

Сыздықовтың айтуынша, су тасқынына байланысты 15 786 адам қауіпсіз жерге көшірілген, олардың арасында 6187 бала бар. Уақытша паналау мекемелерінде 4113 адам, соның ішінде 1911 бала бар.

Су тасқыны әлі қарқын ала қоймаған елді мекемендерде дайындық күшейтілген.

ТЖМ мәліметінше, Қазақстанның бес өңірінде 1405 жекеменшік үйді, 372 ауланы, 99 саяжайды және 10 ғимаратты су басқан. 237 үймен 939 ауладағы су айдалған. Су шайып кеткен 55 жол уаскесі мен төрт көпірді жөндеп жатыр.

XS
SM
MD
LG