Ссылки доступа

Өзбекстан ІІМ әлеуметтік желілерде теракт жасауға шақыратын үндеулер тарағанын хабарлады


Өзбекстан сыртқы істер министрлігі әлеуметтік желілерде сыйақы үшін теракт жасауға үндеулер тарап жатқанына байланысты ескерту жариялады.

Министрлік ескертуінде «Өзбекстанның және оған көршілес мемлекеттердің кейбір тұрғыны интернет желісі арқылы қоғамдық орындарға, солардың ішінде сауда мен ойын-сауық орталықтарында, мектептер мен адамдар көп жиналатын басқа да орындарға сыйақы үшін жарылғыш орнату туралы ұсыныстар алып жатыр» деп жазылған.

«Арандатушылар мұндай хабарларды көбіне Telegram мессенджері арқылы таратады. Белгісіз адамдар ақша төлеуге, қару беруге, жоспар жолдауға уәде береді. Олар ұсыныстардан бас тартқанына да қарамайды. Ең жаманы, қаскөйлер көбіне балаларға жазады».

ІІМ осындай үндеулер алған азаматтарға «оны қоғамдық чаттарға, таныстары мен достарына тараптауға, бірден 102 нөмірімен ішкі істер органдарына хабарлауға, осындай үндеу жолдаған адамды бірден бұғаттап, онымен әңгімелеспеуге» кеңес берді.

XS
SM
MD
LG