Жедел ұстау кезінде 1991 жылы туған Б.К. деген адам қолға түскен. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқаны айтылды.
Бішкекте үш баланың анасы 33 жастағы әйелдің бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқанын 4 сәуірде "Балалар құқығын қорғау" лигасының жетекшісі Назгүл Турдубекова айтқан.
WPS (Бейбітшілік және әйелдер үшін қауіпсіздік индексі) ұйымы былтыр 24 қазанда 2023 жылдың есебін жариялаған. Онда Қырғызстан әйелдердің өмірі үшін қауіпті елдердің рейтингінде 95-орынды иеленіп, Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен ең төменгі сапқа орналасқан.