Тергеу барысында олар тәжік азаматы екенін, Ресейде Телеграм каналы арқылы "ИМ" тобына азғырылып, Ауғанстанға жөнелтілгенін айтқан.
Видеода жастардың бірі өзін 21 жастағы Восе ауданының тұрғыны Сирожиддин Давлатов, екіншісі кулябтық 21 жастағы Самеджон Файзов деп таныстырып жатыр. Видеоның монтаждалғаны байқалады.
Тергеу кезінде онлайн-куратор оларға Түркия және Иран арқылы Ауғанстанға, ол жақтан Пәкістандағы Белужистан провинциясының орталығы Кветтаға барып, дайындықтан өтесіңдер деген нұсқау бергенін айтқан. Одан кейін Иранға барып, бірнеше теракт жасауға жібермек болған.
Бірақ Кветтаға бара жатқан жолда оларды тәліптер қамауға алған.
Видеоның қашан түсірілгені және күдіктілердің қашан ұсталғаны белгісіз.