"Адам өз алдына шешім шығаруы керек деп есептеймін. Бірнеше елдің әуе кеңістігі бір түнге жабылғаны – бәрі тоқтап қалды дегенді білдірмейді. Рейстер қайта жанданып, тек бірқатар компаниялардың ұшақтары тоқтап тұр", – деді Смадияров.
Оның сөзінше, қазір Израиль аймағында консулдық тіркеуде тұрмаған 100-ге жақын қазақстандық жүруі мүмкін.
"Елшілік қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін қоса есептегенде, Израильде қазір консулдық тіркеуде тұрған Қазақстанның 123 азаматы бар. Нақтыланбаған мәлімет бойынша, бұл елде тіркеуде тұрмаған тағы 100-ге жуық қазақ азаматы болуы мүмкін", – деді Смадияров.
Ол Тель-Авив халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны және қазақ азаматтары Қазақстан консулымен байланыста екенін атап өтті.
14 сәуірге қараған түні Иран Израильге жүздеген зымыран және дрон ұшырды. Израиль қорғаныс күштері олардың 99% атып түсіргенін мәлімдеген.