Ссылки доступа

Нарында жас қыздарға әлімжеттік көрсеткен деген мұғалім өзіне қол жұмсаған  


Нарын қаласы
Нарын қаласы

Қырғызстанның Нарын қаласында оқушы қыздарға бірнеше жылдан бері әлімжеттік көрсетіп келген деп айыпталған адам 14 сәуірде өзіне қол жұмсаған. Бұл жөнінде Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады.

Милиция осыған дейін бұл оқиғаны тексеріп жатқанын айтқан.

Инстаграмда Нарында ағылшын тілі курсынан сабақ берген мұғалім бірнеше жылдан бері оқушы қыздарға әлімжеттік көрсетіп келгені баяндалған парақша ашылған. Бір топ қыз өздерінің басынан өткен жағдайды анонимді түрде айтып берген.

Қоғамда ол мұғалімді жауапқа тарту талабы айтылып, Нарын облыстық ішкі істер басқармасы фактіні тексере бастаған.

XS
SM
MD
LG