Ссылки доступа

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қамбарата ГЭС-ін бірге салады


Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметтері Нарын өзенінде Қамбарата су электр станциясының құрылысы туралы келісімге қол қояды. Бұл туралы үкіметаралық келісім жобасында айтылған. Құжатты Қазақстан энергетика министрлігі жариялаған.

Келісімде ГЭС құрылысын жүзеге асыру және оны пайдалану барысында тараптардың әріптестік шарттары анықталады.

Құжатқа сәйкес, жобаны жүзеге асыру үшін Қырғызстан аумағында акционерлік қоғам құрылады. Қырғызстан 34 пайыз, Қазақстан мен Өзбекстан 33 пайыз үлеске ие болады. Компания құрылтайшысын әр тарап өз бетінше анықтайды.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі аяқталған соң Қамбарата ГЭС-і акциялары мен активтері толықтай Қырғызстан меншігіне өтеді. Келісімге Бішкекте қол қойылады деп жоспарланған.

Қырғызстан Қамбарата-1 ГЭС-нің құрылысын 2022 жылғы маусымда бастаған. Жобаның алғашқы кезеңіне 20 миллион доллардай бөлінген. Мәліметтерге қарағанда, ГЭС құрылысына 2,9 млрд доллар қажет.

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімов кезінде Қамбарата ГЭС-нің құрылысына қарсы шыққан. Ол мұндай жобаны жүзеге асыру Орталық Азия экологиясына кері әсер етеді деп есептеген.

XS
SM
MD
LG