Ссылки доступа

Түркияда өзбек азаматы жерлесіне абайсызда оқ атқан


Өзбекстанның Стамбұлдағы бас консулдығы әлеуметтік желіге видеоға түсіруге әрекет жасаған жерлесіне оқ атқанын мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, Өзбекстанның екі азаматы Стамбұлдың Фатих ауданында жұмыс істеген. 9 сәуірде екі азаматтың бірі тапанша ұстаған видеосын ауызашар кезде Instagram желісіне жариялауды шешкен.

Осы кезде оның 22 жастағы жолдасы тапаншамен оның басына атқан. Ер адам сол жерде қаза тапты.

Полиция Өзбекстан азаматын қамауға алды. Ол оқыстан атып қалғанын айтқан. Қазір марқұмның денесін еліне жеткізу істері жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG