Ссылки доступа

Қазақстанда тағы 2,5 мың адам эвакуацияланды


Қазақстанда су басқан аймақтардан тағы 2,5 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын елдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Жалпы селден қауіпсіз аймаққа жеткізілгендер саны 114 мыңға жетті, олардың 13 мыңға жуығы үйіне қайтты.

Судың біртіндеп тартылып жатқанын, бірақ алдағы 10 күн ауыр болатынын президент Қасым-Жомарт Токаев 16 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысына барып, тұрғындармен кездесу кезінде айтты. Ол Қазақстан қазір ауыр жағдайды бастан өткеріп жатқанын айтып, бюджет қаражатын үнемдеу мақстында барлық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарына ірі іс-шараларды ұйымдастырудан бас тарту жөнінде тапсырма берілгенін жеткізді.

16 сәуірге қараған түні Түркістан облысы Кентау қаласында нөсер жаңбырдан бірқатар үйлерді су басып қалғаны мәлім болды.

26 наурызда бері Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қостанай және Павлодар, жалпы 10 облыста төтенше жағдай режимі жарияланды. Еі ауыр жағдай Атырау облысының 65 мың халқы бар Құлсары аймағында болып тұр.

Мамандар Қазақстанда мұндай жағдай соңғы 80 жылдан бері болмағанын айтады.

XS
SM
MD
LG