Ссылки доступа

Қырғызстанда адам органдарын сатқан топ ұсталды


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) адам органдарын шетелдіктерге сату бойынша заңсыз тұрақты канал ұйымдастырған халықаралық қылмыстық топтың мүшелерін ұстағанын мәлімдеді.

Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі 18 сәуірде хабарлады. Оған сәйкес, қозғалған қылмыстық істің аясында жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде З.Р.З. атты адаммен алдын ала келісім бойынша адам органдарын сату каналын ұйымдастырған К.А.К. атты адам анықталған.

К.А.К. шетел клиникаларына бүйрек алмастыру үшін ірі сомада 80 мың долларға дейін төлеуге дайын науқастарды іздеп тауып отырған. Қырғызстан аймағында жалдаған адамдары ақшалай сыйлық үшін донорларды тауып, оларды алдау жолымен ішкі органдарын беруге азғырып келген.

"Ұйымдастырушылар коррупциялық жолдар арқылы операция жасайтын клиникаға тапсыру үшін жасанды құжаттар дайындап, шетелге шығарып отырған. Донорлар бүйрегін бергені үшін орта есеппен 1-7 мың доллар ғана алып отырған. Ал ортадағы адамдар әрбір донор үшін 3 мың доллар алған. Каналды ұйымдастырушылар 30-70 мың доллар алып отырған",- деп жазылған мәліметте.

17 сәуірде бүйректі трансплантациялау үшін кезекті донорды шетелге жіберу кезінде "Манас" әуежайы аймағынан Қырғызстан азаматтары К.А.К. және З.Р.З. ұсталды. Олар тергеу абақтысына қамалды.

Қырғызстан аумағында жекеменшік емханаларға адам органдарын алмастыруға рұқсат беретін заң жобасын парламент 2015 жылы қабылдаған.

Сол кездегі президент Алмазбек Атамбаев бұл заң жобасына қол қоюдан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG