Ссылки доступа

Рахмон мен Мирзияев Душанбеде «жікшілдік» мәселесін талқылады


Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Душанбеде бейсенбідегі келіссөздерде қауіпсіздікті, атап айтқанда терроризм, экстремизм, киберқылмыс және трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшылары «жікшілдікке» ерекше көңіл бөлген.

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі екі президенттің кездесуі туралы шағын ғана мәлімет жариялады. Тараптар жікшілдік туралы нақты не айтқаны белгісіз.

2023 жылғы қаңтарда Тәжікстанда «Бала тәрбиесі мен білімі үшін ата-ана жауапкершілігі туралы» заңға өзгеріс енгізген. Онда ата-атаналар балаларының жікшілдік көзқарасын дәріптемеуі керектігі айтылған. Ата-ана балаларына жікшілдік туралы фильмдер көрсетпеуі, жікшілдік белгілері бар материалдар оқытпауы тиіс. Алайда заңда жікшілдік деген не екені, оның қандай қаупі бары туралы ештеңе айтылмаған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 2019 жылы жікшілдікті үш зұлымдықтың бірі деп атап, оны терроризм және экстремизммен бір қатарға қойған. 2019 жылғы қарашада Қытай Душанбеде Терроризм, эктремизм және сепаратизммен күрес жөніндегі орталық ашқан.

Билік осы мәселені таратып айтпаса да, сарапшылар Тәжікстан билігі Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы жікшілдік көзқарастан қауіптенеді деп есептейді.

2022 жылы Гарвард университетіндегі пікір-таласқа қатысушылардың бірі Брюс Панниер: «Бадахшандағы наразылық кезінде ешкім тәуелсіздік алуға ешқашан үндемегенін» атап өткен.

Өзбекстан билігін де жікшілдік мәселесі алаңдатады. Ташкент Қарақалпақстанның Өзбекстан құрамындағы зайырлы республика мәртебесін алып тастауға тырысқан уақытта Нүкісте жаппай наразылық болған. Ресми мәліметке қарағанда, 2022 жылдың жазындағы баскөтерулерде 21 адам қаза болып, 200-ден астам адам жараланған. Кейін бірнеше белсенді жікшіліктік айыбымен түрмеге қамалған.

Өзбекстан аумағының шамамен үштен бірін алып жатқан Қарақалпақстан осы елдің құрамына 1936 жылы қосылған.

XS
SM
MD
LG