ТАСС мемлекеттік агенттігі дереккөзі мен The Insider тәуелсіз басылымының хабарлауынша, Головченко Қырғызстан аумағында ұсталып, Ресейге жеткізілген.
ТАСС дереккөзі Головченконың Қырғызстан азаматтығы барын, ол осы елде «тергеуден тығылып қалуға талпынғанын» айтқан.
The Insider Қырғызстан ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік комитетіндегі дереккөзге сүйенген. Мәліметке қарағанда, Мәскеуде Прозоровтың автокөлігі жарылған күннен ертесіне – 13 сәуірде Гловенконы Бішкекте «көшеде ұстап алып, көлікке отырғызып, әуежайға жеткізген». Дереккөздің айтуынша, іс материалдары құпия сақталған.
Головченко осы іс аясында ұсталған екінші күдікті. Бірінші күдіктінің аты-жөні жарияланбады.
12 сәуірде Мәскеудің солтүстігінде Прозоровтың автокөлігінің астына орнатылған тұрақсыз құрылғы жарылды. Аяғынан жараланған Прозоров ауруханаға түсті.
Ресей тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Федералдық қауіпсіздік қызметі Прозоровқа қастандықты Украина қауіпсіздік қызметі ұйымдастырған деп есептейді.