Статистика жөніндегі агенттік есебіне сәйкес, көрсеткіш 2023 жылдың алғашқы тоқсанына қарағанда 10,5%-ға артқан. Былтыр осы уақытта Өзбекстан $2,4 миллиардқа алтын сатқан.
Бұның алдында Дүниежүзілік алтын жөніндегі кеңес (World Gold Council) Өзбекстанды әлемде алтынды ең көп сатқан ел деп жариялаған. Сол кезде кеңес Өзбекстанның ақпан айында 12 тонна алтын экспорттағанын ескерген.
Орталық банк мәліметінше, 2024 жылғы 1 сәуірде Өзбекстанның алтын валюта қоры 34 миллиард 190 миллион 300 мың доллар болған.
Статистика агенттігінің дерегіне қарағанда, Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы алғашқы тоқсанда 15,82 миллиард долларға жеткен.