Ссылки доступа

Өзбекстанда салтанатты кештегі әйелдерді балағаттаған ер кісі 15 тәулікке қамалды


Ташкентте Atlas Party кешіне қатысушыларды балағаттаған ер кісі 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

ІІМ мәліметінше, кешке қатысқан бірнеше әйел милицияға хабарласып, Atlas Party кешіне қатысушыларды әлеуметтік желіде балағаттаған адамға шара қолдануды сұраған.

Кеште дәстүрлі «атлас» матасынан тігілген ұлттық киімдер көрсетілген.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде Ділмұрод Маллаевтың видеосы жарияланған. Онда автор әйелдер киімдерін сынаған. Видеоролик әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде кең талқыланған.

23 сәуірде видео авторы милицияға шақыртылған. Ол кешке қатысқан әйелдердің киімін өзінің діни көзқарасы бойынша сынағанын мәлімдеген.

Әлеуметтік желілерде Ділмұрод Маллаевтың әйелдерден кешірім сұрағаны туралы тағы бір видео жарияланған.

Соған қарамастан Шайхантахур аудандық соты оны «ұсаз бұзақылық» жасады деп танып, 15 тәулікке қамаған.

XS
SM
MD
LG