Ссылки доступа

Атырау облысына он өңірдің құтқарушылары жиналып, үлкен судың келуін күтіп жүр


Қазақстанның он өңірінің құтқарушы топтары, сонымен бірге төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің әскери бөлімдері Атырау облысында жүр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі сейсенбі күні хабарлады.

«ТЖМ қызметкерлері Жайық өзені суының деңгейін сағат сайын тексеріп жатыр. Су басқан аймақтарды тазарту жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүреді» деп хабарлады министрлік.

Бұның алдында үкімет «барлық күшті жұмылдыру» қажет екенін мәлімдеген. Ақпараттарға қарағанда, Атырау облысында құтқару жұмыстарына 13 мыңнан астам адам, 1200 дана техника тартылған.

ТЖМ мәліметінше, Құлсары қаласында 2564 тұрғын үй судан тазарған.

Республика бойынша жеті мыңнан астам жекеменшік үйден су кетіп, 39 мың адам баспанасына оралған. Эвакуация пунктерінде 6552 адам қалған.

XS
SM
MD
LG