Ссылки доступа

Өзбекстанда жас келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Жызақта 25 жастағы келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты. Бұл жөнінде Nemolchi.Uz сайты жариялады.

Ақпаратқа қарағанда, Жызақ облысы Шараф-Рашидов ауданындағы үйлердің бірінен күйеуі өлтірді деген әйелдің денесі табылған.

"Олардың отбасында үнемі ұрыс-керіс болды. 2022 жылы қатты жанжал шығып, әйелі төркініне кетіп қалған. Оған қорғау ордері шығарылған. Оның қалай қаза болғанын білмейміз, бірақ үш жасар баласы әкесінің оны таяқпен сабағанын айтты", - деді марқұмның апасы.

Жергілікті белсендінің айтуынша, күйеуі марқұмның үйін жинамағанына наразы болған. Бұдан бөлек Telegram және Instagram парақшаларына әлдекімдермен хат алмасып отырғанына жанжал шығарған. "Оның бұл әрекетіне қызғаныш себеп болуы мүмкін", - дейді белсенді.

Келіншектің өлімі бойынша облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары басталған.

XS
SM
MD
LG