Мекеме мәліметінше, мемлекет меншігіне өткен нысандар саудаға шығарылған.
Аукционда сатылатын нысандар тізімі:
- егіз мұнара — Бішкектегі кеңсе ғимараты;
- «Кристалл Таш-Көмір» компаниясы— зауыт кешенінің мүлкі;
- Шолпан-Атадағы «Ақ-Марал» демалыс орталығы;
- «Ай-Пері» бизнес орталығы;
- «Зодиак». Шолпан-Ата;
- Бішкектегі жүк автокөліктері кәсіпорыны.
- Ош қаласындағы «Ихлас» ғимараты. Бастапты бағасы— 682 миллион 550 мың сом;
- «Империал» тұрғын үйі — Ош қаласында орналасқан. Бастапты бағасы — 149 миллион 825 мың сом;
- Amanat Residence тұрғын үйі — Ош қаласында орналасқан. Бастапты бағасы — 251 млн 433 мың 92 сом.
Бұрынғы кеденші Райымбек Матраимов қазір қамауда отыр. Оны Бішкекке Әзербайжаннан наурыздың аяғында жеткізген. Оған бірнеше айып тағылған.
Тергеу нұсқасына қарағанда, Матраимов қылмыс әлемінің дөкейі Қамшы Асанбаекпен (Көлбаев) «тығыз байланыс» орнатып, қылмыстық топ құрған. Қамшы Көлбаев былтыр Бішкектегі арнайы операция кезінде өлтірілген.