Ссылки доступа

ByteDance компаниясы TikTok’қа қарсы заң жобасына шағымданды


ByteDance компаниясы он айдың ішінде америкалық бизнесін басқа біреуге сатпаса, Құрама Штаттарда TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салынуы мүмкін.

Қытайдың ByteDance Ltd компаниясы АҚШ билігінің сервисті жабу жөніндегі жоспарына қарсы Колумбия округының апелляциялық сотына шағым түсірді.

Арызданушы соттан америкалықтарды шетелдік желінің жағымсыз ықпалынан сақтау туралы заң жобасын конституцияға қайшы деп тануын сұрады.

Жақында АҚШ президенті Джо Байден елде TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салуды қарастыратын заң жобасына қол қойды.

Платформаны шектеуді жақтаушылардың айтуынша, TikTok АҚШ ұлттық қауіпсіздіге қатер төндіріп тұр. Олар Қытай үкіметі әлеуметтік желі қолданушы америкалық азаматтардың жеке мәліметтерін алу үшін ByteDance компаниясына қысым көрсетуі мүмкін деп есептейді.

TikTok әлеуметтік желісін 170 миллионға жуық америкалық тұтынады. Алайда платформаға иелік ететін компания Қытай билігі оны қолданушылар туралы мәлімет беруді талап еткен емес деп отыр.

XS
SM
MD
LG