Ссылки доступа

Dubai Unlocked: Өзбекстанның бұрынғы бас прокурорының ұлының Дубайда 8 млн доллар тұратын жылжымайтын мүлкі бар


OCCRP
OCCRP

Сыбайласқан жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу жөніндегі орталық (OCCRP) мамандары Dubai Unlocked жобасы аясында Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рәшид Қадыровтың ұлының Дубайда шамамен 8 миллион доллар тұратын жылжымайтын мүлкі барын анықтады.

OCCRP құжаттарына сенсек, Әлішер Қадыровтың «Марина Плазада» төрт кеңсесі бар. Олардың әрқайсының құны 1,9- 2,1 миллион доллар аралығында.

2018 жылы Өзбекстан ІІМ Әлішер Қадыровқа іздеу жариялаған. Оған ақша бопсалады, алаяқтық жасады деген айыптар тағылған.

Өзбекстан бас прокуратурасын 15 жыл бойы басқарған Рәшиджон Қадыров 2018 жылғы 22 ақпанда ұсталып, 2019 жылғы жазда 10 жылға сотталған. Ташкент қалалық соты Қадыровты жемқор шенеунік деп таныған.

XS
SM
MD
LG