Ссылки доступа

Өзбекстанда қылмыстық топтың тағы бір мүшесі 10 жылға сотталды


Сот "Бохо завхоз" және "Терминатор" деген лақап атпен танымал Баходир Султановты бопсалау айыбымен 10 жылға еркінен айырды.

Бұл туралы "Газете.uz" Ташкент қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Сот Навоидегі автосалон директоры Ниёз Ибодовқа да үкім шығарды.

Екеуі былтыр қараша-желтоқсан айларында Ташкентте қылмыстық топтардың өкілдерін анықтау және қамау бойынша жүргізілген ірі рейд кезінде қамалған.

Сот оларды "Ірі көлемде ақша бопсалады" бабы бойынша айыпты деп тапты. Оған сәйкес, Баходир Султанов 10 жылға, Ниёза Ибодов 4 жылға кесілді.

Тергеу материалына сәйкес, Ниёз Ибодов жиені Сардор Гаффоровтың Navoiy Avtosavdo компаниясындағы үлесін тартып алу үшін Баходир Султановқа өтініш жасаған.

Құжатта Ниёз Ибодов, Баходир Султанов және басқа да белгісіз адамдар 2023 жылдың маусым айында бұл істі шешу үшін қылмыстық топ құрған. Олар Сардор Гаффоровты Ташкенттегі Алмазар ауданындағы кеңсесіне шақырып, Ибодовқа үлесін 200 мың долларға сатуды талап етіп, болмаса "өтіреміз" деп қорқытқан.

XS
SM
MD
LG