Ссылки доступа

Қырғызстанда 1 шілдеден бастап зейнетақы өседі


Президент Садыр Жапаров 22 мамырда Бішкекте өткен "Жаңа қадам" әлеуметтік мобилизициялау жөніндегі жалпы республикалық кеңесте сөз сөйлеп, елдің экономикалық жағдайына тоқтады. Президент биыл 1 қазаннан бастап, барлық зейнетақы 6800 сомнан кем болмайды деді.

"Осы жылдың 1 қазанынан бастап Әлеуметтік қор тарабынан әзірленген барлық зейнетақы 6800 сомнан кем болмайтынын сіздерге қуанышпен жариялағым келеді. Мен бұл мерзімді тездетуді сұрадым. Зейнетақыны көтерудің бірінші кезеңі 1 шілдеден басталады. Бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз", - деді президент.

Жапаров 2021 жылы Конституцияға зейнетақы мен жөргекпұл күнкөріс минимумынан кем болмауы керек деген жоба енгізгенін атап өтті. Президент мемлекет сыртқы қарызды елге ауыртпалық салмай төлеуге мүмкіндік барын жеткізді.

Әлеуметтік қордың былтырғы 1 қарашадағы есебіне сәйкес, Қырғызстанда 764 мың зейнеткер бар. Қазір Қырғызстанда зейнетақының орташа көлемі - 9300 сом.

XS
SM
MD
LG