Ссылки доступа

Өзбек-қырғыз автозауыты 28 мамырда сынақ ретінде іске қосылады


Қырғызстанда өзбек-қырғыз автозауыты 28 мамырда жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Қырғызстан экономика министрі Данияр Амангелдиев хабарлады.

Кәсіпорын Шу облысы Сокулук ауданында орналасқан. Зауыт Chevrolet, Daewoo және Isuzu маркалы автокөліктер өндіреді.

2023 жылғы 27 қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Қырғызстанға мемлекеттік сапары кезінде автокөлік өндірісін ұйымдастыру жөнінде келісімге қол қойылған.

Жоба үш кезеңмен жүзеге асырылады. Алғашқы үш жылда 10 мың жеңіл автокөлік шығарылады. 500 адам жұмысқа алынады.

Екінші кезеңде өндіріс 20 мың автокөлікке дейін ұлғайып, автокөлік бөлшектері де шығарыла бастайды. Жұмысшылар саны бір мыңға жетеді.

Содан кейін өндіріс 30 автокөлікке дейін кеңейтіліп, автозауытта 2 мыңға дейін адам жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG