«Әзірге бүгін-ертең Беларусьқа, ал жексенбі мен дүйсенбіде Өзбекстанға сапарлайтынын ғана айта аламын» дейді Ушаков.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан Владимир Путиннің келуіне дайындалып жатыр. Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамырда екі елдің президенттері телефонмен сөйлесіп, Путиннің Ташкентке сапарына дайындық барысын талқылаған. Ресми мәліметте сапар нақты қай күнге белгіленгені айтылмады.
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі Путин мен Мирзияевтің телефонмен сөйлескені туралы мәліметінде осы сапар туралы ештеңе айтпады.