Ссылки доступа

Қырғызстанда милиция Бішкекте пәтерлерді дронмен түсірмен ер азаматты тергеді


Милиция қызметкерлері Бішкек тұрғындарының пәтерлерін дронмен түсірген ер азаматты тергеді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Бірінші май аудандық милициясы хабарлады.

Милиция мәліметінше, 25 мамырда түнде астанадағы Шу ауданында белгісіз бір ер азамат пәтерлерді дронмен түсіргені милиция бөліміне хабарланған. Оқиға орнына барған милиция қызметкерлері бірнеше жергілікті тұрғынмен сөйлескен. Олар болған оқиғаны растаған.

Тұрғындар 24 мамырда сағат 23:30-да автокөлікте отырған адам дронның көмегімен «өз пәтерінде жартылай жалаңаш әйелдерді видеоға түсірген».

Милиция осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Содан кейін милиция 1989 жылы туған С.Э. есімді азаматты тергеді.

Осы оқиғаға қатысты видеолар әлеуметтік желілерде де жарияланған. Ол видеолардан жергілікті тұрғындардың дронды басқарған адамды қалай тауып алғанын көруге болады.

XS
SM
MD
LG