Мұндай мәліметті ішкі істер министрінің орынбасары Нұрбек Әбдиев айтты.
Оның сөзінше, шетелдіктер төлейтін айыппұл көлемі 102 млн 160 мың сомға жеткен. Ол сонымен бірге биылғы жылдың соңғы төрт айындағы жағдайды да сөз етті.
"2024 жылдың алғашқы төрт айында заңсыз мигранттарды елге әкелу және ұйымдастыру ісі бойынша 90 қылмыстық іс қозғалды. Оның 81-і сотқа берілді. Қазір 6 іс тергеліп жатыр. Биыл миграция бойынша 7 мың 259 заң бұзушылық болған. Айыппұлдың жалпы көлемі 39 млн сомға жетті", - деді министрдің орынбасары.
Абдиевтің сөзінше, 2022 жылдан бері елде мигранттар саны өсіп жатыр. Олардың арасында Бангладеш, Үндістан және Пәкістаннан келгендер бар.