Ссылки доступа

Түркия заң тәртібіне сай жұмыс істеген өзбек блогерін елден шығарды


Өзбек кәсіпкері, блогер Бекназар Рахматовты 28 мамырда ел аумағына кіргізбей қойды. Ол төрт жылдан бері Түркияда заң тәртібіне сай жұмыс істеп келген.

Түркияға кіре алмағанын блогердің өзі хабарлады. Ол сейсенбі күні Ташкенттен Стамбұлға ұшып келген, бірақ оның жолын әуежайда қауіпсіздік қызметінің төрт өкілі бөгеген.

Кәсіпкер түрік билігі оны елге кіргізбеуге алдын ала дайындалған деп есептейді. Себебі олар 200-ге жуық жолаушының ішінен соны ғана тоқтатқан.

«Құжаттарым дұрыс болғанына қарамастан мені ешқандай себепсіз елге кері қайтарып жатыр» дейді 34 жастағы өзбек блогері. Түрік билігі оған елден депортациялау себебін түсіндірмеген.

Бекназар Рахматов «Түркиядағы өзбектер» telegram-арнасын ашқан. Ол Түркияда ешқандай заңды бұзбаған.

XS
SM
MD
LG