«Саммиттің күн тәртібіне өзбек-түрік қарым-қатынасын әрі қарай дамыту және нығайту мәселесі енген» деп хабарлады Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі.
Өзбекстан мен Түркия президенттері тауар айналымын арттыру, өндіріс жобаларын дамыту, «жасыл» энергетика, электр техникасы, мақта-мата, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларға қатысты мәселелерді талқылайды.
Бұған қоса, халықаралық саясатқа қатысты пікір алмасады. Шавкат Мирзияев пен Режеп Тайип Ердоған екі елдің жетекші кәсіпорындары мен компанияларының жетекшілерімен кездеседі.
Келіссөздер нәтижесінде бірнеше құжат қабылданады.
Мирзияев соңғы рет Түркия астанасында былтыр наурызда болған. Сол кезде ол Анкарада Түркі елдері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысқан.