Ссылки доступа

Қырғызстан парламенті Мақсат Асанәлиевті бас прокурор қызметіне бекітті


Жогорку Кеңеш депутаттары Қырғызстан бас прокуроры қызметіне ұсынылған Мақсат Асанәлиевті қолдады. Депутаттар 5 маусымдағы жиналыста осындай шешім қабылдады.

Асанәлиевті 69 депутаттың бәрі бірауыздан қолдады. Асанәлиевті осы қызметке президент Садыр Жапаров ұсынған.

Мақсат Асанәлиев Ыстық-Көл облысы Тон ауданында туған. 2022 жылы Ош облыстық прокуроры қызметіне тағайындалған. Бұған дейін Бішкек қаласы Бірінші май аудандық прокуроры болып істеген.

Бұған дейінгі бас прокурор Құрманқұл Зулушев 3 маусымда өз еркімен қызметтен кетті. Ол осы қызметке 2020 жылы тағайындалды. 5 маусымдағы жиналыста депутаттар оның өтінішін қабылдады.

XS
SM
MD
LG