Ссылки доступа

Қазақстан парламенті «БАҚ туралы» заң жобасын мақұлдады


Парламент сенатының депутаттары 6 маусымдағы жалпы отырыста үкімет дайындаған «БАҚ туралы» заң жобасын екі оқылымда мақұлдады.

Сәуірде мәжіліс депутаттары заң жобасын екінші оқылымда қабылдаған. Осылайшы парламент заңды қабылдады. Енді құжат президентке қол қоюға жолданады.

Қабылданған өзгерістердің бірі БАҚ материалдарына құқық бұзушылыққа қатысты арыз түсіру уақыты үш жылдан бір жылға дейін, БАҚ сауалын қарауды жеті жұмыс күніне бес жұмыс күніне дейін қысқартуды қарастырады.

Депутаттар мақұлдаған құжатта пресс-карта туралы, «дәстүрге жат сексуалды қарым-қатынасты насихаттауға» тыйым салу туралы ережелер енбеді.

Сенат депутаты Зәкіржан Кузиевтің айтуынша, заң «БАҚ-қа мониторинг» түсінігін енгізеді. Атап айтқанда, құзырлы органдар ақпарат құралдарын заңнаманың қаншалықты сақталғаны үшін тексеріп отырады.

«Ақпараттық егемендік» түсінігі енгізіледі. Ол бойынша теле және радио бағдарламалардың 60 пайызы 2027 жылға қарай қазақ тілінде болуы тиіс. Одан кейінгі жылдары шетелдік өнімдерді көрсету 10 пайызға дейін қысқарады.

БАҚ туралы заң жобасын мәжіліс былтыр қарашада бірінші оқылымда қабылдаған. Сенатқа жолдаған құжатта Қазақстан сыртқы істер министрлігіне «шетелдік ақпарат құралдары мен журналистеріне аккредитация беруден бас тарту құқығы» берілетіні айтылған.

«Шекарасыз тілшілер » (RSF) ұйымы заң жобасының осы бабын сынап, баспасөзге мемлекеттік бақылау күшеюі мүмкін деп қауіптенген. Халықаралық ұйымның баспасөз еркіндігі жөніндегі индексінде әлемнің 180 елі ішінде 142-орында тұр.

XS
SM
MD
LG