Ссылки доступа

Белсенді Астананың "Талибанды" террористер ұйымынан шығару шешіміне қарсы арызданды


Қазақстанда заңгер, азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев Бас прокурор Берік Асыловты сотқа берді. Ол шағымда "Асыловтың өтінішімен "Талибан" ұйымын террористер тізімінен шығару заңсыз" деп жазған.

"Қазақстан билігі диалог жүргізу үшін кімді дұрыс деп санайды? Сонда Тоқаевқа қолында қаруы бар, қарсыластарын өлтіре салатын, оппоненттер жетекшісін асып өлтіретіндер, билік үшін қан төгетіндер дұрыс адамдар ма? Ал Конституциялық құқығын пайдаланып, сот арқылы өзінікін дәлелдеуге тырысып жүргендер кім сонда? Басты қайшылық осында болып тұр", - дейді Ильяшев.

Елін дін шариғатымен басқаруды көздейтін "Талибан" қозғалысын Ресей 2003 жылы, Қазақстан 2005 жылы террористер ұйымдардың тізіміне қосқан.

3 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның тәлібтер бақылайтын үкіметімен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту үшін "Талибан" қозғалысын террористер ұйымдардың тізімінен шығарғанын хабарлаған.

Ауғанстанды 1996-2001 жылдары басқарған "Талибан" билікті 20 жылдан кейін, 2021 жылы тамыз айында америкалық әскерлер елден шығып кеткеннен кейін қайтадан қолына алды.

XS
SM
MD
LG