Президенттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте, Садыр Жапаров бұл жобаның жүзеге асыруын белгілейтін тарихи оқиға екенін, жоба "Бір белдеу - бір жол" жобасының маңызды бөлігі екенін мәлімдеді.
Темір жол салынып бітсе, Қытай мен Орталық Азия елдерін біріктіріп, одан әрі Еуропа мен Парсы шығанағындағы елдерге дейін жаңа рейстер ашылатынын жеткізді.
Садыр Жапаров 6 мамырда Ош облысына барған сапары кезінде "Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан" темір жолы құрылысы 2024 жылдың қазан айында басталатынын айтқан.
Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында үш елдің президенті 2022 жылдың қыркүйегінде Самарқандта қол қойған.
Жобаға сәйкес, Қырғызстан аймағында Торугарт – Арпа – Макмал – Жалал-Абад бағыты арқылы өтуі тиіс және бұл темір жолдың жалпы ұзындығы 280 шақырымды құрайтыны айтылған.