Ссылки доступа

Қырғызстан Украина ұйымдастыратын Бейбітшілік саммитіне қатыспайды


Қырғызстан Украинаның 15-16 маусымда Швейцарияда ұйымдастыратын Бейбітшілік саммитіне қатыспайды. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Еділ Байсалов Deutsche Welle агенттігіне сұхбат беру кезінде хабарлады.

Байсаловтың айтуынша, қырғыз жағы «осындай келеңсіз жағдайдың тезірек аяқталғанын» белсенді түрде қолдайды, сонымен бірге Ресейдің экономикалық санкцияларды айналып өтуіне көмектесуге мүдделі емес.

«Біз украин жағымен баяғыдан тығыз байланыс орнатқанбыз. Әубаста мемлекет басшысы Украинаға да, Ресейге де бірдей ұстанымды өзгертпейтінімізді жариялады. Екеуі де бізге жақын мемлекеттер» дейді ол.

Бұған қоса, ол Қырғызстан Бейбітшілік саммитіне қатыспайтынын Украинаға ескерткенін, «украин жағы оның себебін түсінетінін» айтты.

Бұның алдында Украина президенті Владимир Зеленский Орталық Азия елдері жетекшілерін Бейбітшілік саммитінде көргісі келетінін мәлімдеген.

Украина ұйымдастыратын саммит Швейцарияда 15-16 маусымда өтеді. Форумға қатысушылар Зеленский ұсынған «бейбітшілік формуласын» және басқа да мәселелерді талқылайды. Осы саммитке әлемнің 160 елінен делегация шақыртылған. Ресей өкілдері форумға шақыртылмаған.

XS
SM
MD
LG